Кейінгі 3 жылда елімізде «Ауылдағы денсаулық сақтауды жаңғырту» ұлттық жобасы аясында 600-ден аса медициналық-санитариялық алғашқы көмек нысаны пайдалануға берілді. Атап айтқанда, 260 дәрігерлік пункт, 235 фельдшерлік-акушерлік пункт және 160 амбулатория салынды. 228 ауылда медициналық нысандар алғаш рет ашылды. 427 нысан тозығы жеткен және апатты ғимараттардың орнына бой көтерді. Нәтижесінде 1 миллионға жуық ауыл тұрғыны медициналық көмекті өз елді мекенінде алу мүмкіндігін иеленді