Президент «Turkistan» газетіне берген сұхбатында бұрын жекешелендірілген медицина мекемелері көбінесе күрделі құрал-жабдықтар сатып алмай, тексеруден өту үшін науқастарды мемлекеттік емханаларға жіберетінін айтты. Бірақ науқастардың санына қарай емес, «тіркелген» адамдар бойынша бюджеттен ақша бөлінетінін тілге тиек етіп, ашықтық болу үшін саланы цифрландырған жөн екенін жеткізді. Сондай-ақ денсаулық сақтау саласындағы бірқатар мәселеге тоқталды.
Серік Ақшолақов, «Ұлттық нейрохирургия орталығы» АҚ басқарма төрағасы:
- Медициналық туризмді дамытуды біз қолға алдық. Бүгінде 500-ден астам шетелдік науқасқа біз нейрохирургия көмегін көрсеттік. Мемлекеттің қолдауыменен 21 жылы Орталық Азияда жалғыз ел – біздер гамма пышақ аппаратын алдық. Бұл мидың ісіктерін, функционалдық ауруларын, қан тамырларының ауруларына ешқандай наркозсыз, компьютерлік кобальттің күшімен «облучение» жасап емдейді.