Атырау облысында 144 мыңға жуық адам обыр ауруына тегін тексеріле алады

  • 2311
  • 29.01.2026, 21:34

1 қаңтардан бастап елімізде міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру пакеті кеңейтілді. Енді барлық азамат онкоскринингтен тегін өтеді. Бұл қатерлі ісіктерді ерте сатысында анықтауға мүмкіндік береді. Атырау облыстық онкология диспансері 2022-25 жылдары сүт безі, жатыр мойын ісігі және тоқ ішек обырын анықтайтын медициналық жабдықтармен қамтамасыз етілді. Былтыр 101 мың адам скринингтен өтті.

Эльмира Сапарова, облыстық онкологиялық диспансердің директоры:

- Өкінішке қарай осы уақытқа дейін мына страховкасы жоқ тұрғындар скринингтен өтеді де, әрі қарай терең тексеріске қолжетімсіз болып қалады Себебі оның ОСМС пакеті жоқ болғандықтан. Бүгінгі күні Үкімет тарапынан қолдау болып, қазіргі таңда онкоскрининг толықтай тегін  ГОБМПда өтіп жатыр. Бұл біз үшін қуанарлық жағдай. Себебі скринингтің мақсаты қатерлі ісікке алып келетін ауруларды анықтап, оған дейінгі предраковый деп айтамыз, емдеп оздравление жасау.