Түркістан облысында дәрі-дәрмек тапшы

  • 2289
  • 29.01.2026, 21:44

Түркістан облысында шамамен 150 түрлі фармацевтикалық дәрі-дәрмек жетіспейді. Бұған соңғы жылдары дәрілердің шекті бағаларын қалыптастыру қағидаларына жиі өзгерістердің енгізілуі себеп болып отыр. Оларды сату қиын болғандықтан, кейбір дәріханалар мұндай препараттарды мүлдем саудаға шығармайтын болған. Осы мәселе облыстық кәсіпкерлер палатасында талқыланды. Түркістан облысында 781 дәріхана тіркелген болса, оның 442-сі елді мекендерде орналасқан. Жиынға қатысқан фармацевт-дәрігерлер бағаның негізсіз көтерілетінін айтады.  

Аслан Ибадуллаев, облыстық кәсіпкерлер палатасының директоры:

-Ұсынып отырған жаңа бұйрық жобасында 900-ден астам дәрілік заттың шекті бағасын төмендету көзделген. Ал кейбір позициялар бойынша төмендету деңгейі 30 пайыздан 90 пайызға дейін жетуі мүмкін. Бұл жағдай өндірушілердің, дистрибьюторлардың және дәріханалардың өндірістік өткізу процесіне бұрын жасалған келісімшартарының орындалуына тікелей әсер етуі ықтимал.