Ақтаулық дәрігерлер жүрек құрылғысын онлайн бақылауға қосты

  • 2046
  • 02.02.2026, 21:49

Ақтаулық дәрігерлер науқас жүрегіндегі кардиостимуляторды қашықтан бақылау жүйесіне қосты. Мұндай емдік шара батыс өңірлер арасында алғаш рет қолға алынып отыр. Жоғары технологиялық операция жеке емханалардың бірінде сәтті аяқталды. Заманауи кардиологиялық көмек Тараз қаласының тұрғынына көрсетілген. Цифрлық жүйе арқылы науқасқа имплантталған құрылғы жұмысын тәулік бойы бақылауға болады. Яғни дәрігер күн сайын жүрек соғысы мен кардиостимулятордың жұмыс көрсеткішін көріп отырады. Өз кезегінде, науқасқа емханаға келудің қажеттілігі жоқ.

Арман Айназаров, кардиохирург:

- Науқастың көңіл күйі жақсы, операциядан кейін өзін жақсы сезініп отыр. Мұндай кардиостимулятор жасанды интеллектпен қамтылған. Қажет болған жағдайда ғана ол жүректің соғысын реттеп отырады. Қалған уақытта бақылау қызметін атқарады.