Астанада балалар травматологиялық пункті ашылды

  • 966
  • 16.02.2026, 21:45

Астананың сол жағалауында балалар травматологиялық пункті ашылды. Ол Ұлттық шұғыл медицинаны үйлестіру орталығының базасында орналасқан. Айта кетейік, бұған дейін елордада балалар үшін бір ғана травматология бөлімшесі жұмыс істеп келген. Онда тәулігіне шамамен 350-ге жуық кішкентай пациентке медициналық көмек көрсетіледі. Жаңадан ашылған медициналық мекеме осы жүктемені айтарлықтай азайтып, тұрғындарға жедел медициналық көмек көрсетудің қолжетімділігін арттырмақ. Заманауи медициналық жабдықтармен қамтамасыз етілген бөлімшеде 18 жасқа дейінгі балаларды бес білікті травматолог-дәрігер қабылдайды.

Батыр Айтмолдин, «Ұлттық шұғыл медицинаны үйлестіру орталығы» РМК басқарма төрағасының орынбасары:

-  Енді мына жерде диагностика өткізетін  бүкіл бәрі бар.  УЗИ, рентгеннен бастап, КТ, МРТ осы жерде бізде бар. КТ-мыз, компьютерный томогрофиямыз бізде 256 СРС дейтін сондай мықты томогроф бар. 3 тесла МРТ-мыз бар мына жерде. 16 УЗИ экспортный ваиантты УЗИ-ларымыз бар. Сол  үшін диагностиканың бүткілін өткізе аламыз балаларға осы жерде біз.