Түркістан облысында 15 жастағы қыздың асқазанынан 1 келі шаш шықты

  • 837
  • 17.02.2026, 21:37

Бойжеткен асқазаны ауырып, құсу жағдайымен қалалық балалар ауруханасына жеткізілген. Тексеру барысында асқазан қуысында ірі көлемді бөгде заттың бары анықталды. 

Дәрігерлер шұғыл түрде шешім қабылдап, күрделі хирургиялық операция жасады. Қыздың асқазанынан салмағы 900 граммнан асатын шаш түйіні шықты. Операция 2 сағат 50 минутқа созылған. Хирургиялық бригада, анестезиологтар мен орта медицина қызметкерлері бірлесе жұмыс істеп, операция сәтті аяқталды. Мамандардың айтуынша, мұндай жағдайлар медицинада өте сирек кездеседі.

Бағдат Байкеев, қалалық балалар ауруханасы хирургия бөлімінің меңгерушісі:

- Бала операциядан кейін жандандыру бөлімінде жағдайы тұрақтанғанша бір тәулік жатып, бүгінгі таңда хирургия бөліміне тұрақты жағдаймен ауыстырылды. Жалпы жағдайы жаман емес, ауыр, тұрақты болып есептеледі. Бұл психологиялық ауытқуы бар балаларда, тұйық балаларда, әке-шешенің қарауынсыз болып қалған себептерінен болатын жағдайлар.