Қазақстан туберкулезді емдеу тиімділігі бойынша жоғары нәтижеге ие

  • 202
  • 24.02.2026, 21:50

Туберкулез инфекциясын емдеу тиімділігі 90%-дан асты. Бұл туралы Алматы өңірлік комуникациялар қызметінде өткен баспасөз конференциясында айтылды.

Елімізде 24 наурыз – Дүниежүзілік туберкулезге қарсы күрес күніне орай айлық іс-шара ұйымдастырылады. Биыл Қазақстандағы науқан «Біз туберкулезді жеңеміз! Қазақстан көш басында. Инновация мен халықтың күші» деген тақырыпта өтеді.

2024 жылдан бастап Алматыда ғаламдық қор жобасы аясында қысқа мерзімді емдеу тәсілдері енгізілді. Бактерия бөлмейтін науқастардың 75 пайыздан астамы амбулаториялық жағдайда ем қабылдайды. Соңғы он жылда Қазақстанда туберкулезден келетін өлім-жітім 5 есе төмендеген. Қазір елде инфекциялық ауруды жылдам әрі нақты анықтау әдісі қолданылады. 

Мәлік Әденов, ҚР Ұлттық фтизиопульмонология ғылыми орталығының директоры:

- Барлық қоғам білетін ПЦР қондырғылар. Туберкулезге де сондай қондырғылары бар. Олардың елімізде саны 149. Ол қондырғылар екі сағат ішінде туберкулез бар ма, жоқ па екенін 99 пайыз жағдайда дәлдікпен нақты анықтап береді. Туберкулез болған жағдайда қандай түр екенін анықтап береді.