Денсаулық сақтау министрі үндеу жасады

  • 9
  • 03.03.2026, 21:43

Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова қызылшаның таралуына байланысты халыққа үндеу таратты. Ел аумағында дертті жұқтырғандар саны көбейіп барады. Сондықтан 6-10 айлық балаларға қосымша иммундау басталды. Профилактикалық жұмыстар да күшейтілді. 

Эпидемиологиялық ахуал Алматыда әлі де күрделі. Жыл басынан бері 600-ге жуық адам ауру жұқтырған. Басым бөлігі – қызылшаға қарсы вакцина алмаған балалар. Науқастармен байланыста болған 6 мыңнан астам адам медициналық бақылауға алынып, 700-не екпе салынды. Бұл дерт асқынған жағдайда пневмония, жүйке жүйесінің зақымдануы мен басқа да ауыр жағдайға әкелуі мүмкін. Вакцина алмағандарға қауіп жоғары. Әсіресе 1 жастан 4 жасқа дейінгі балалар осал топқа кіріп отыр.   

Қасымхан Алпысбайұлы, Алматы қаласының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігері:

- Қаулыға байланысты бүкіл қалалық емханаларға календарлық күнтізбеге сәйкес, өздерінің жоспарларына өзгерістер енгізілді. Бұл жерде 6 айдан және 10 ай 29 күнге дейін балалардың саны көбейтілді. Бұл туралы жұмыстардың бәрі денсаулық сақтау басқармасында, мекемелерде жүріп жатыр.