Медициналық қызмет көрсету сапасы артпақ

  • 9
  • 13.03.2026, 21:32

Елде медициналық қызметтің сапасын арттыру бойынша кешенді іс-шара жоспары мақұлданды. Тиісті қаулыға Премьер-министр Олжас Бектенов қол қойды. Кешенді жоспар 2026-2030 жылдарға бағытталған. Жоспар аясында медициналық қызмет сапасын бақылауға цифрлық құралдар мен жасанды интеллект технологиялары енгізілмек. Сондай-ақ Ұлттық сапа институты құрылмақ. Құжат төрт негізгі бағытты қамтиды: реттеуші құралдарды жаңғырту, жасанды интеллект негізіндегі сапа сараптамасының жаңа моделін енгізу, медициналық қауымдастық пен науқастардың рөлін күшейту және сапаны басқару жүйесін толық цифрландыру.

Бауыржан Жүсіпов, ҚР Денсаулық сақтау министрлігі медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің төрағасы:

-Жалпы осы кешенді жоспардың негізгі нәтижесі осы медициналық қызмет көрсететін субьектілерді толықтай жаңа лицензирование модельіне өткізу. Сонымен қатар медициналық ұйымдардың 80 пайызын аккредитациядан өткізу, сонымен қатар мына бүкіл медициналық субъектілерді арнайы ақпараттық жүйеге қосу. Негізгі мақсат-осы науқастарды медициналық қызметпен сапасын қанағаттандыру.