Тіс емханалары тексеріліп жатыр

  • 7
  • 20.03.2026, 21:38

Елдегі стоматологиялық клиникалар жаппай тексеріліп жатыр. Денсаулық сақтау министрлігінің дерегінше, 622 мекеменің 392-сі тексерістен өткен. Нәтижесінде, 174 клиника жұмысын тоқтатып, 56-сы лицензиясынан ерікті түрде бас тартты. Ал 103 мекемеде еш заңбұзушылық тіркелмеген. Бірқатар стоматологиялық клиниканың қызметі уақытша шектеліп, кейбір мамандар жұмыстан шеттетілді. Тексеріс әрі қарай да жалғасады. «Басты мақсат – медициналық стандарттардың сақталуы мен кадрлардың біліктілігін анықтау», - дейді жауаптылар.