Жыл басынан бері елде 5 мыңнан астам адам қызылша жұқтырған. Тек наурыздың соңғы аптасында 212 жағдай тіркеліпті. Бұл алдыңғы аптамен салыстырғанда 1,4 есе аз. Науқастардың 76 пайызы вакцина алмаған. Тек өткен жылы 25 мыңнан астам адам вакцина алудан бас тартқан. Жалпы ауру жұқтырғандардың 83 пайызы 14 жасқа дейінгі балалар. Сырқаттанудың ең жоғары деңгейі Атырау облысы, Астана және Алматы қалаларында тіркеліп отыр. Қазіргі таңда елде эпидемияға қарсы шаралар күшейтіліп, иммунопрофилактика жұмыстары жүргізілуде.
Эрик Байжүнісов, ҚР ДСМ «Қоғамдық Денсаулық сақтау ұлттық орталығы» ШЖҚ» РМК басқарма төрағасы:
-Вакцина салып жатқандардың ешқайсысы аурып жатқан жоқ. Соның өзінен-ақ көруге болады ғой вакцинаның қандай қасиеті бар екенін. Жылына біз 300 мыңнан астам сол вакцинаны салып жатырмыз. Егер оның барлығы ары қарай мүгедектікке алып келеді деген оның барлығы жалған сөз. Оған сенуге болмайды. Естіріңізде болсын. Екіншіден, бізге алып келген Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының тексеруінен өтілген, біраз мемлекетте қолданылып жүрген дәрі-дәрмек қой.