Денсаулық сақтау министрлігі жеке емшара кабинеттерін тексерді

  • 10
  • 31.03.2026, 21:42

Жеке емшара кабинеттерінде оқыс оқиғалардың жиілеп кеткендігіне байланысты денсаулық сақтау министрлігі тексеріс жүргізді. Нәтижесінде 1900 нысанның 408-і лицензиясыз қызмет көрсеткені анықталды. 270 кабинет өз қызметін ерікті түрде тоқтатты. Ал кейбірі рұқсат беру құжаттарын рәсімдеуге кірісті. Қазір 116 жеке емшара кабинеті бойынша жоспардан тыс тексерулер басталды. Жалпы 147 әкімшілік хаттама толтырылып, 16 млн теңгеден астам айыппұл салынды.