Инсульт дерті «меңдеп» барады

  • 11
  • 16.04.2026, 21:39

Қазақстанда инсульт алғандар саны артып келеді. Тек былтырдың өзінде 53 мыңнан астам адам осы дертке шалдыққан. Жедел әрекет етпесең, инсульт өлім мен мүгедектіктің негізгі себебіне айналады.

Емдеу тәсілдерін пысықтау үшін елордада Орталық Азия елдерінің дәрігерлері бас қосты. Ұйымдастырушылар: «Бұл шара науқастарға көмек көрсетудің озық тәжірибелерін талқылауға және енгізуге арналған маңызды алаң», - дейді. Бағдарламаға бойынша шеберлік сабақтар, клиникалық жағдайларды модельдеу және шешім қабылдау бойынша тәжірибелік сессиялар өтті.   Осындай кездесулер арқылы дәрігерлер білімін тереңдетіп, командалық жұмысты дамытуға ниетті. Инсульт алғандарға дұрыс және жедел көмек көрсету науқастың алдағы өміріне тікелей әсер етеді.  

Елімізде қазір 85 инсульт орталығы бар. Олар 2 деңгей болады. Бірінші деңгейді  системалар тромболиз жасайды. Ол жасағанда тамыр арқылы препаратты жіберіп, ол тромпты ерітіп жібереміз. Үшінші деңгейде ол оған қоса нейрохирургиялық орта қосылады. Оларды ашық операция жасап немесе мына «механический тромбо» деген операцияны жасайды.