Елімізде 5 мыңнан аса бала қатерлі ісікке шалдыққан. Қазақстанда онкологияны емдеуде халықаралық хаттамалар мен жоғары технологиялық әдістер қолданылатындықтан, жыл сайын 500-ден астам бала сауығып шығады. Ал патологиясы бар балалардың 5 жылдық өмір сүру деңгейі 70 пайызға дейін жетті.
«Аты жаман ауру» диагнозын естігенде кімнің болмасын салы суға кететіні анық. Ал мұндай дертке балалар мен жасөспірімдердің шалдығуы тіпті ауыр. Елімізде жыл сайын балалар арасында қатерлі ісіктің шамамен 600-ге жуық жаңа жағдайы тіркеледі. Дегенмен отандық медицина осы дертпен күресуге қауқарлы.
Үш баланың анасы Әсел Мұратова былтыр күзде 5 жастағы қызының ауыр дертке шалдыққанын білген. Бұған дейін алаңсыз ойнап жүрген бүлдіршіннің қол-аяғы көгеріп, дәрігерге жүгінген кезде оған лимфоплазмалық лейкоз диагнозы қойылған. Қазір кішкентай науқас батыстан елордаға жеткізіліп, ем-дом қабылдап жатыр.
Әсел Мұратова, Ақтөбе қаласының тұрғыны:
- Әрине оңай емес естіген кезде. Бірақ қазір көндік. 8 ай бойы ем алып жатырмыз. Айтамыз чемпион болып шығамын. Сосын ойнаймыз балалар сияқты. Ол бәрін түсінеді. Осы аурудан ақылдырақ болып, бәрін түсінеді. Біздер стандартпен емделіп жатырмыз. Ол 8-9 ай емделеді. Біз бірінші протоколда 90 күндей жаттық.Одан кейінгі емдеріміз 14 күн, 7 күн. Енді этабымыз 2 айлық емде ем алып жүрміз.
Елде жыл сайын әр балаға қатерлі ісікпен күреске 12-18 миллион теңге көлемінде қаржы бөлінеді. Мамандардың айтуынша, бүгінде лейкозға шалдыққан балалардың өмір сүру ұзақтығы 75–80 пайызға дейін ұзарған.
Забира Кыздарбекова, UMC Ана мен бала орталығының онкология бөлімшесінің меңгерушісі:
-Балаларда көбінесе бірінші орында кездесетін лейкоздар дейміз. Қан аурулары дейміз. Жедел лейкоздар. Оның ішінде лимфобласт, милобластер. Ал мына милобластер,ликоздар балаларда сиректеу кездеседі. Бірақ бұлардың да емделіп шығу пайыз 70-75 пайыз. Ол да үлкен көрсеткіш. Бұрын бізде сүйек кемігі трансплантациясы болмаған кезде, Қазақстан қандай ем жүргізілмей сол емге біз шетелге жіберетінбіз бұрын. Қазір сүйек кемігін өзімізде жасаймыз. Донорларды іздеу, банк донора бәрі өзімізде бар. Дамытып та жатырмыз қазір.
Әр өңірде балалар онкологиясын анықтаумен айналысатын 10 онкогематолог жұмыс істейді. Олар дертке күдік туған жағдайда науқастарды Қазақ онкология және радиология ғылыми-зерттеу институты мен елордадағы Ана мен бала орталығына жолдайды. Сонымен қатар ем қабылдап жатқан балалар мен олардың ата-аналарына психологтар тарапынан тұрақты қолдау көрсетіледі.
Гүлварам Мусаева, UMC Ана мен бала орталығының психологы:
- Қалай балалармен сөйлесу керек? Қалай тіпті ойлау керек ата-анасына. Соны үйретеміз. Негізі олар ауырмаған, білмейді. Ең бірінші шок болады. 5 деңгей дейміз ғой. Екінші қорқыныш, одан кейін кінәліні іздейді. Кім кінәлі осы жерде. Табиғат, генетика, тағы басқа. Кейін қабылдау болады. Біреулер тез өтеді. Біреулер бір деңгейде қалып кетеді. Сонымен біз жұмыс істейміз. Бала білу керек, немен күресетінін. Ал 5 жастағы балаға ойын түрінде жұмыс істейміз.
Емнен кейінгі бес жыл ішінде ауру белгілері байқалмаса, бала ресми түрде есептен шығарылады. Бұл дертті толық еңсерудің нақты көрсеткіші. Ақхалаттылардың айтуынша, дәл осы кезеңнен өткен балалар жаңа өмір бастап, қатарластарымен бірге алаңсыз өсіп, болашаққа сеніммен қадам басады.
Диана Қадыр, Бауыржан Ебелеков