Астанада цифрландыру мен ЖИ дамыту мәселелері талқыланды

  • 457
  • 20.05.2026, 19:52

Астанада Alem.AI Халықаралық Жасанды интеллект орталығы алаңында AMANAT партиясы кәсіпкерлер қанатының IT-қауымдастығы және бизнес өкілдерімен кездесуі өтті. Мәжіліс Спикері AMANAT партиясының Төрағасы Ерлан Қошанов бүгінде депутаттар IT-қауымдастықпен бірлесіп цифрлық жаңғырту үшін аса маңызды заңдарды – Цифрлық кодексті, «Жасанды интеллект туралы» Заңды және басқа да құжаттарды әзірлегенін ерекше атап өтті. Басқосуда цифрландыру, жасанды интеллектіні дамыту және Қазақстанның заманауи цифрлық экономикасын қалыптастырудағы бірлескен жұмыс барысы талқыланды. Кездесуге Премьер-Министрдің орынбасары – Жасанды интеллект және цифрлық даму министрі Жаслан Мәдиев қатысты. Сондай-ақ өңірлер бейнебайланыс арқылы қосылып, өз пікірлерін ортаға салды.