Елдің үш аймағында күн күрт суытады деп болжайды синоптиктер. Қысқа мерзімді жылымықтан кейін Қазақстан аумағына кезекті суық антициклон ығыса бастайды. 22 мамырда республиканың солтүстік облыстарында, 23 мамырда шығыс және орталық өңірлерінде түнгі уақытта ауа температурасы +5 пен нөл градусқа дейін төмендейді. Кейбір жерлерде тіпті минус 3 градусты көрсетіп, үсік жүруі мүмкін. Күндізгі ауа температурасы небәрі 10-15 шамасында жылы болады.