Қаңтар-наурыз айларында елдегі 631 дәрі-дәрмек бағасы орта есеппен 25% арзандады. Бұл туралы Үкіметтегі фармацевтика және медициналық өнеркәсіп саласының дамуына арналған кеңесте айтылды. Премьер-министр Олжас Бектеновтың төрағалығымен өткен жиында отандық дәрі-дәрмек өндірісін арттыру жайы талқыланды. Жалпы елімізде 43 кәсіпорын дәрілік заттар өндіреді. Тағы 166-сы медициналық бұйымдар шығарумен айналысады. Қазіргі таңда 31 қазақстандық тауар өндірушімен 2 мыңнан астам фармацевтикалық өнім түрін жеткізу бойынша 83 ұзақмерзімді шарт жасалған. Былтырғы желтоқсаннан бері 316 млрд теңге болатын 6 инвестициялық жоба іске қосылды. Осылайша, 400-ге жуық дәрі түрі өндіріліп, бір мыңнан астам жұмыс орнын ашылмақ.