Қазақстан – Ресей: Денсаулық саласындағы ынтымақтастық артып келеді

  • 5
  • 28.05.2026, 19:55

Қазақстан мен Ресей арасындағы денсаулық саласындағы ынтымақтастық нығайып келеді.

Бүгінде елімізде Ресейде өндірілген 500-ден астам дәрі-дәрмек пен 1700-ден аса медициналық жабдық тіркелген. Сонымен қатар Қазақстанның медициналық жоғары оқу орындарында Ресейдің 239 студенті білім алуда.

Биыл елімізде Ресей Федерациясының 851 азаматына медициналық көмек көрсетілген. Екі ел денсаулық сақтау, фармацевтика және санитариялық-эпидемиологиялық қауіпсіздік бағытындағы өзара ынтымақтастықты нығайтуда. Тараптар халықаралық ұйымдар аясындағы ықпалдастықты арттырып, медицина мамандарын даярлау мен дәрілік заттардың сапасын бақылау бойынша бірлескен жұмысты дамытуға ниетті.