Ел тұрғындарының өмір сүру ұзақтығы 76 жасқа жақындады. «Бұл денсаулық сақтау саласында жүргізіліп жатқан жүйелі реформалардың нәтижесі», - дейді мамандар.
Бүгінде қазақстандықтар мемлекет есебінен профилактикалық тексерулерден бастап, құны ондаған миллион теңгеге жететін жоғары технологиялы операцияларға дейінгі медициналық көмекті тегін алады. Кардиохирургия, нейрохирургия, ағза трансплантациясы және онкологиялық ауруларды емдеу бағыттары қаржыландырылады. Онкологиялық тексерулер тегін медициналық көмектің кепілдендірілген көлеміне енгізілді. Нәтижесінде 300 мыңға жуық адам қосымша диагностикадан өтті.
Қазақстан сондай-ақ Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының жұқпалы емес аурулардан болатын мезгілсіз өлім-жітімді азайту жөніндегі мақсатты көрсеткішіне мерзімінен бұрын қол жеткізді.