Нәресте өлімі 7,5 есе төмендеді

  • 7
  • 04.06.2026, 19:40

Елде балалар денсаулығын сақтауға бөлінетін қаржы екі есе өсіп, 585 млрд теңгеге жетті. Нәтижесінде нәресте өлімі 7,5 есе төмендеді. Балаларға медициналық көмек көрсетудің көпдеңгейлі жүйесі қалыптасқан. Ал ана өлімі алты есеге төмендеген.

Бүгінгі таңда жүкті әйелдердің 90%-дан астамы жүктіліктің 12 аптасына дейін есепке алынады. Бұл тәуекелдерді уақтылы анықтауға және қажетті медициналық көмек көрсетуге мүмкіндік береді. Жыл сайын туа біткен мүгедектігі бар 1,5 мың нәрестеге жедел операция жасалады. Елдегі инновациялық медициналық технологиялар арқасында шетелге емдеуге жіберілетін балалардың саны екі есе қысқарды. Бүгінде ел аумағында балаларға арналған 81 оңалту орталығы жұмыс істеп тұр.

Бұдан бөлек, елде тегін дәрі-дәрмекпен қамтылғандар саны жеті жылда 3,4 миллион адамға жетті. Ал амбулаториялық препараттарға бөлінетін қаржы 337 миллиард теңгеден асты.