Қарағандыда алты айлық баланың жүрегіне күрделі операция жасалды. Кардиохирургтер жүректің жұмысын түзетіп, қан айналымын қалпына келтірген. Қазір облыс бойынша туа бітті жүрек ақауы бар 973 бала дәрігерлер бақылауында тұр. Олардың 300-ге жуығы әлі қажетті хирургиялық ем қабылдамаған. Операцияны Астанадан барған дәрігерлер тобы жасады. Елордалық мамандар осындай диагнозы бар науқастарды емдеудің заманауи әдістерін көрсеткен.
Ғанибек Ақжанов, №2 көпсалалы аурухананың кардиолог дәрігері:
-Жалпы балалар кардиохирургиясында оң өзгерістер байқалады. Қарағандыда жыл сайын 80 операция жасалады. Біз ашық түрімен қатар эндоваскулярлық, яғни жабық тәсілмен жасалатын операцияларды да орындаймыз.