Дәрігерлер ыстықта газдалған тәтті сусындардан сақ болуға шақырды

  • 8
  • 18.06.2026, 19:44

Жаздың аптап ыстығы енді басталғандай. Алдағы бірер апта бойы сынап бағанасы 30 градустан жоғары болмақ. Ал шілдеде ауа температурасы 50 градусқа дейін көтеріледі. Синоптик мамандар осындай болжам жасап отыр.    «Дәрігерлер болса дәл осы кезеңде күннен қорғанудан өзге, шөл басуға сусын таңдағанда сақ болу керегін айтады. Себебі тәтті әрі газдалған немесе қуаттандырғыш сусындар дертке шалдықтыруы мүмкін»,- дейді.

Қолымызға оңай түсетін тәтті газдалған сусындарды жаз мезгілінде жиі аламыз. Бірақ оның ағзаға қаншалықты зиян екенін көбіміз біле бермейміз. Мамандардың айтуынша, тәтті сусындарды шамадан тыс пайдалану артық салмаққа, қант диабетіне және тіс ауруларына әкелуі мүмкін.

Рамазан Орынбасар - газдалған сусынға құмар жастардың бірі. «Ыстық күнде сергітіп, жадыратады»,- дейді. Денсаулыққа зияны барын естіген. Бірақ...

Рамазан Орынбасар, студент:

-Мүмкін емес секілді ол нәрсені пайдаланбау, себебі көп адам көпшілік жиындарда, көпшілік тойларда отырыстарда көбінесе газдалған сусындарды қояды. Бірақ мен дәрігерге қаралып диагноз диогностика жасап көрмедім. Алдағы уақытта қанша тырысқанмен пайдалана беретін секілдімін. 

Жаздың аптып ыстығында көп мөлшерде су ішуге дәрігерлер де кеңес береді. Бірақ оның құрамына мән беру керекпіз. «Әсіресе тәтті әрі газдалған сусынның адам ағзасына пайдасынан гөрі, жағымсыз әсері басым болады»,- дейді.

Гүлмира Иманбаева, республикалық МСАК орталығының салауатты өмір салты дәрігері:

-Газды сусындар ағзаға түскен кезде ол 10 минут ішінде тарайды. Одан кейін 20 мин ішінде қан қысымы көтеріледі. Адамның көзінің қарашығы ұлғаяды. Одан кейін 40 минутта бауырға бүйректерге барып түседі. Көбіне балаларда көп пайдаланғандықтан ашушаңдық болады. Сондықтан 1 сағаттан кейін адам ол аузы құрғайды, қант болғаннан кейін қант шөлдетеді.

Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, Қазақстанда халықтың 58,6 пайызы артық салмақтан зардап шегеді. Балалар арасындағы жағдай да алаңдатарлық. 20,6 пайызында артық салмақ болса, 6,6 пайызына семіздік диагнозы қойылған. Мамандар мұның бір себебі ретінде құрамында қант мөлшері жоғары тәтті сусындарды атайды. Сондықтан министрлік ата-аналарды балаға тәтті өнім алып берерде сақ болуға кеңес береді.

Әсел Қыдыралиева, ҚР ДСМ медициналық көмекті ұйымдастыру департаменті директорының орынбасары:

- Құрамында қанты бар сусындар, оның ішінде жаңағы тәттілендіргіш болсын, зиянды өзгерістерге алып келуі мүмкін. Құрамында қанты бар сусындар, оның ішінде жаңағы тәттілендіргіш болсын, зиянды өзгерістерге алып келуі мүмкін. Дені сау ұрпақты тәрбиелеу олардың дұрыс әдеттерін қалыптастыру бірінші отбасыдан басталады. Себебі ондай сусындарды отбасыда бермесе, мектептерде ішпеуін қадағалау болса, бұл осындай бір кең көлемде пайдалануға әкелмейді деп ойлаймын.

Мамандар шөл қысқанда түрлі-түсті сусындарды пайдаланғаннан гөрі, таза су ішуге кеңес береді. «Ал балаларға үй жағдайында қантын аз қосып, жеміс қайнатпасын дайындап берген дұрыс»,- дейді.

Зере Әлібекқызы, Әнуарбек Мырзатайұлы, Бауыржан Ебелеков