Жыл басынан бері 22 адамнан Қырым-Конго қызбасы анықталды

  • 12
  • 30.06.2026, 19:41

Жаз маусымында жедел ішек инфекцияларының таралу қаупі жоғары. Жыл басынан бері елімізде аурудың 7,5 мыңнан астам жағдайы тіркелді. Оның ішінде 71 пайыздан астамы – 14 жасқа дейінгі бала, 18 пайызы – 1 жасқа толмаған сәби. Мамандар тазалық шараларын қатаң сақтауға шақырды. Ауру белгілері байқалса, дер кезінде дәрігерге қаралу керегін айтты. Сондай-ақ

Денсаулық сақтау министрлігі Қырым-Конго геморрагиялық қызбасына қарсы әзірге вакцина жоқ екенін еске салды. Кене арқылы тасымалданатын аса жұқпалы аурудың табиғи ошақтары Жамбыл, Қызылорда, Түркістан облыстары мен Шымкент қаласының аумағында орналасқан. Жыл басынан бері 22 адамнан Қырым-Конго геморрагиялық қызбасы анықталды.

Сархат Бейсенова, ҚР ДСМ Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің төрағасы: 

- Санитариялық қызмет тарапынан барлық қауіпті елді мекен айналасында қорғаныш аймақтары құрылды. Ветеринариялық қызмет 7,5 млн астам ауылшаруашылығы жануары және мал шаруашылығы нысандарының 48 млн шаршы метрден астам аумағын кенелерге қарсы өңдеуден өткізді. Қазір өңдеудің екінші кезеңінің кестесі қалыптастырылуда.