Павлодар облысында қызылша жұқтырғандар көбейді

  • 7
  • 23.07.2026, 19:35

Павлодар облысында қызылша жұқтырғандар саны күрт өскен. Жыл басынан бері өңірде 398 жағдай тіркеліпті. Бұл өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда төрт есе көп.

Мамандардың айтуынша, науқастардың басым бөлігін екпе алмағандар құрайды. Ауруға шалдыққан 345 адамның 288-і 14 жасқа дейінгі балалар.

Қызылшаның өршуіне тұрғындардың вакцинадан бас тартуы себеп болған. Мәселен, облыс бойынша профилактикалық екпеден бас тартудың екі мыңнан астам жағдайы тіркелген. Дәрігерлер ата-аналарды балаларын уақытында вакцинациялауға шақырады. Өйткені екпе – қызылша және басқа да қауіпті жұқпалы аурулардың алдын алудың ең тиімді жолы.

Зәмзагүл Дощанова, облыстық СЭБ департаменті басшысының орынбасары:

- Профилактикалық шаралардың нәтижесінде маусым айында қызылша ауруының көрсеткіші 36 пайызға төмендеді. Екпеден бас тартқан ата-аналармен жүргізілген жеке түсіндіру жұмыстары да тиімділігін көрсетті.  Былтыр 639 балаға вакцина салынса, биыл 244 бала екпе алды.