Алматыда алғашқы телемедицина бекеті ашылды

  • 6
  • 30.07.2026, 19:41

Алматыда SOS батырмасы бар алғашқы телемедициналық көмек көрсету модулі іске қосылды. Енді өзін жайсыз сезінген немесе жарақат алған жағдайда тұрғындар SOS батырмасын басып, жедел жәрдем диспетчерімен байланыса алады. Медицина қызметкері аудио және бейнебайланыс арқылы жедел жәрдем келгенге дейін қажетті нұсқау береді.

Пункттің ішінде дефибриллятор, жарақаттарды өңдеуге керек заттар бар. Жедел коронарлық синдром кезінде көмек көрсетуге арналған медициналық бұйымдар, брезент көрпе және тот баспайтын болаттан жасалған медициналық төсек орналасқан. Модуль сондай-ақ үздіксіз интернетпен, қашықтан басқарылатын телемедициналық кешенмен жабдықталған.

QAMQOR SOS модулінің жаңадан ашылған Flow Park аумағында орналасуы да бекер емес. Бірінші маусымнан бері жедел жәрдем қызметіне осы саябақтан 20-дан аса шақырту түскен. Алдағы уақытта заманауи цифрлы модульді басқа да қоғамдық орындарға орналастыру жоспарланып отыр.