Дәрігерлердің жүктемесі 40% азайды

  • 6
  • 21.08.2026, 19:37

Еліміздегі медициналық қызметтердің басым бөлігі цифрлық форматқа көшірілді. Нәтижесінде сала мамандарының жүктемесі 40%-ке азайды. 

Мәселен, былтыр көрсетілген 215 млн-нан астам қызметтің 90%-ке жуығы электронды форматта ұсынылған. 8,5 млн медициналық анықтама беріліп, 5,6 млн адам дәрігердің қабылдауына онлайн жазылған. Бүгінде 7 млн бала мен 5 млн-ға тарта әйелдің денсаулығы автоматтандырылған жүйе арқылы бақыланады. Ал дәрі-дәрмектерді цифрлық таңбалау заңсыз айналымдағы 21 мыңнан астам препаратты анықтауға мүмкіндік берді. Цифрлық сәйкестендіру 1 950 медициналық ұйымда енгізілген. Алдағы уақытта 1,9 мыңнан астам медициналық ұйымды бірыңғай мемлекеттік жүйеде біріктіру жоспарланып отыр.

Алмас Крамшеев, ҚР ДСМ РЭДСО бас директорының орынбасары:

-Бүгінде цифрлық контурда 21,3 мыңнан астам медициналық ұйым, 275 мың медицина қызметкері және 141 мың бірлік медициналық техника туралы деректер жинақталды. Іс жүзінде медициналық ұйымның цифрлық паспорты бар. Онда кадрлар, лицензиялар, инфрақұрылым және жабдықтар туралы деректер қамтылған.