«Қазақстан халқына» қоры бұқаралық және инклюзивті спортты дамытуға 22 млрд теңге бөлген. 9 жоба қолға алған. Соның бірі «Тұсау кесер – Жас жауынгер» клубы. Ол спорттық-сауықтыру бағытында жұмыс істейді. Жобаға 291 миллион теңге бөлінген. Бұл қаражат нысандарды жабдықтау, мамандарды оқыту және өңірлік бөлімдерді ашуға жаратылған. Қазір 15 қалада бір мыңнан астам бала адаптивті жекпе-жек түрлерімен айналысады. Осылайша, жастардың спортпен айналысуына жағдай жасалып жатыр.
Садық Байымбетов, «Тұсау кесер – Жас жауынгер» жобасының жетекшісі:
- Түпкі мақсат ерекше балаларды спортқа бейімдеп оларға орта қалыптастырып, авторлық тәсілмен жұмыс жасап. Қолғап кигенде сол қолдарымен жұмыс жасата бастаймыз. Балаларды отырғызу, жүргізу біздің орталықтарда балаларға алғашқы қадамын жасату.