Иркутскідегі инфекция күдігі: Қазақстан шекарада бақылауды күшейтті

  • 8
  • 05.10.2026, 18:33

Ресейдің Иркутск облысындағы эпидемиологиялық жағдайға байланысты Қазақстан мемлекеттік шекаралардағы өткізу бекеттерінде санитариялық бақылауды күшейтті.

Денсаулық сақтау министрлігінің мәлімдеуінше елімізде жағдай тұрақты, алдын алу шаралары қабылданды. Мемлекеттік шекара арқылы өткізу пункттерінде санитариялық-карантиндік бақылау жүргізілуде. Әзірге дене қызуы жоғарылаған, ауру белгілері бар адамдар анықталған жоқ. Алдын ала бағалау бойынша инфекцияның Қазақстанға өту қаупі төмен деңгейде. Мамандар тек ресми ақпаратқа сенуге шақырып отыр. 

Зауреш Жұмадилова, М. Айқымбаев атындағы Аса қауіпті инфекциялар ұлттық ғылыми орталығының бас директоры:

- Мемлекеттік шекара арқылы өткізу пунктерінде санитариялық-карантиндік бақылау жүргізілуде. Көліктің барлық түрінде дене қызуы бар адамдар, ауру белгілері немесе аса қауіпті инфекцияға күдігі бар адамдар анықталған жоқ. Алдын ала бағалау бойынша инфекцияның Қазақстанға әкеліну қаупі төмен деңгейде қалып отыр.