ШҚО-да тұмауға қарсы вакциналау басталды

  • 0
  • 07.10.2026, 18:51

Өңірге 75 мың доза вакцина қажет болса, соның 19 мың дозасы жеткізілді. «Балалар мен жүкті әйелдерге, созылмалы ауруы бар науқастарға екпе тегін», - дейді мамандар. Тұрғындар екпені тіркелген жері бойынша медициналық мекемеде салдыра алады. Мысалы, Өскемендегі №1 емханаға вакцина алу үшін келіп жатқандар көп. 

Айта кетейік, облыста эпидемиологиялық маусым басталған бір апта ішінде 4 мыңнан аса адам жедел респираторлық-вирустық инфекция жұқтырған. «Ал тұмаумен ауырғандар әлі тіркелген жоқ», - дейді сала өкілдері.

Айман Мырамытова № 1 қалалық емхананың бас дәрігері:

- Біздің емханада екі бригада түрлі медициналық мекемелер мен әлеуметтік орындарды аралап, екпе шараларын жүргізіп жатыр.Тұрғындар белсенділігі жоғары. Өйткені ауру өршитін кез  басталды. Ең алдымен, тәуекел тобына кіретін адамдарды екпемен қамтимыз.