Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Жаңа тарихи кезеңдегі Қазақстанның өзекті міндеттері» атты Қазақстан халқына Жолдауы Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Жаңа тарихи кезеңдегі Қазақстанның өзекті міндеттері» атты Қазақстан халқына Жолдауы

Петропавлда жаңа жедел жәрдем стансасы салынады

  • 0
  • 12.11.2026, 18:09

Петропавлда жаңа медициналық жедел жәрдем стансасын салуға инфрақұрылымды дамыту қорынан 5,9 млрд теңге бөлінді. Оның ішінде медициналық жабдықтар сатып алуға шамамен 800 млн теңге қарастырылған. Жоба Мемлекет басшысының Жолдауында айтылған өңірлерде денсаулық сақтау нысандарын салу және жаңғырту тапсырмасына сәйкес қолға алынды.

Жалпы аумағы 1,5 гектар болатын кешеннің құрамына төрт қабатты негізгі ғимарат, цифрлық диспетчер қызметі, симуляциялық орталық, 20 санитариялық автокөлікке арналған жылы гараж, көлік жуу орны мен жөндеу шеберханасы кіреді. 

Құрылыс жұмыстарын 2027 жылдың желтоқсанында аяқтау жоспарланған.