Қарағанды облысында ауруханаға түскен сарбаздардың жағдайы қалыпты
Қарағанды облысында ішек инфекциясымен ауруханаға түскен сарбаздардың жағдайы қалыпты. Олар Теміртаудағы жұқпалы аурулар ауруханасында ем қабылдап жатыр. Жағдайға байланысты қызметтік тексеріс басталды. Комиссия құрамында санитарлық-эпидемиялогиялық бақылау қызметінің мамандары, дәрігерлер, Ұлттық ұлан қолбасшылығының өкілдері бар.
Еске салсақ, 18-ші тамыз күні Теміртау қаласындағы ауруханаға 5516 әскери бөлімінің 36 сарбазы түсіп, 30-ынaн ішек инфекциясы анықталған. Қалғаны вирустық инфекция жұқтырған.
Данияр Өсербаев, ҚР Ұлттық ұланы 5516 әскери бөлімінің командирі:
- Сарбаздардың жағдайы жақсы. Әскери бөлім объектілері санэпидемиологтардың бақылауында. Сынамалар алынды оқиға орнынан. Ішкі істер министрлігінің әскери тергеу органдарымен бақылау жүргізіліп жатыр. Қазіргі уақытта неден болғанын мен айта алмаймын. Ол тергеу біткеннен кейін белгілі болады.