Хабар телеарнасы

Алматы облысындағы жылу орталықтары көмірден көгілдір отынға көшеді

Алматы облысындағы жылу орталықтары 2026 жылы көмірден көгілдір отынға көшіріледі. Бұл мәселе «Таза Қазақстан» акциясы барысында атқарылған жұмыстарды талқылау кезінде айтылды. Бір ғана Іле ауданындағы №3 жылу орталығы бір жылда 1 млн 200 мың тонна көмір жағады. Ауаға жыл сайын 16 мың тонна ауыр металл түріндегі зиянды қалдық таралады. Газға көшу өңірдің экологиялық жағдайын жақсартуға сеп болмақ. Жалпы «Таза Қазақстан» науқаны басталғалы саябақтар мен қоғамдық орындардан 26 мың тонна қоқыс шығарылып, 68 мың түп тал егілген. Бұл жұмыстарға 800 мыңнан астам тұрғын мен 2300 техника жұмылдырылған. 

Қонысбек Байеділов, облыстық экология департаментінің басшысы:

-Егер де ол газға көшетін болса, зиянды қалдықтар кеміп, жылына 1 мың тоннаға дейін шығындылар көлемі азаятын болады. Ол қоршаған орта мен халықтың денсаулығының жақсаруына септігін тигізеді.