Хабар телеарнасы

«Таза Қазақстан»: Елордада экология мәселелері талқыланды

Бүгін Дүниежүзілік су ресурстары күні. Астанада республикалық «Таза Қазақстан» акциясын жүзеге асыруға арналған халықаралық конференция өтті. Ғалымдар мен экологтар қатысқан басқосуда қоршаған ортаны қорғауға қатысты өзекті мәселелер талқыланды. Қазақстан географиялық орналасуы бойынша су ресурстары тапшы мемлекеттер қатарында. Сондықтан табиғи ресурстарды тиімді пайдалануда халықаралық ынтымақтастыққа басымдық беріледі. 

Серік Сыдықов, ҚР Президенттік орталығы директорының орынбасары:

- Бүгінгі конференцияға Өзбекстаннан, басқа да мемлекеттерден, көршілес мемлекеттерден мамандар қатысып отыр. Каспийдің айналасында 5 мемлекет бар. Олармен біздің мемлекетіміз тығыз қарым қатынаста. Осы жөнінде арнайы конвенция қабылданған. Мемлекет тарапынан жасалып жатқан іс-шаралардың оң нәтижесі әрине бар.