Семейліктер қоршаған ортаны тазартуға белсенді атсалысып жатыр

  • 69
  • 21.04.2025, 18:41

«Таза Қазақстан» науқаны – бұл жай ғана ұран емес, еліміздегі экология мәселелерін шешуге бағытталған кешенді бағдарлама. Ал таза қоршаған орта – халық денсаулығының кепілі, - дейді Семей қаласының тұрғындары.

Жыл басынан бері Абай облысында 18 тонна қоқыс шығарылып, саябақтар мен көше, арық-атыздар тазартылған және 32 мыңнан аса ағаш егу жоспарланып отыр. Акция аясында халық табиғатты аялауды, оның байлығын болашақ ұрпаққа аманат ету маңызды міндет екенін түсінді, - дейді өңір жұрты. 

БЛИЦ-сауалнама:

- Бізге ол көзімізге көрінбегенімен, көп жерлерде тазалық акциясы жүргізілсе, қала қонақтары болсын, қаланың тазалығын көріп, халықтың пейілін көреді.

- Әр адам өз ауласын таза ұстаса екен. Бұл тек сенбі күндері өтетін акциялармен шектелмей, жалпы адамдардың күнделікті өмір салтына айналуы қажет.

- Тазалық деген өзімізге жақсы ғой. Өйткені өзіміз жүретін жолымыз таза болса, ыңғайлы болады, ластанбайды.