Қарағандыда 3500 түп ағаш егілді

  • 29
  • 22.04.2025, 18:34

Қарағанды облысының белсенділері саябақтар мен көшелерге 3500 түп ағаш екті. Бұдан бөлек жергілікті билік тұрғындарға өз аулаларын көгалдандыру үшін 5 мың түп қарақат көшетін таратты. Облыс аумағындағы 69 заңсыз қоқыс үйінділері жиналып, арнайы  полигонға шығарылды.

«Таза Қазақстан» акциясы қоғамда экология мәдениетін қалыптастырып, табиғатты аялауға және патриотизмді нығайтуға тың серпін берді, - дейді өңір халқы.

БЛИЦ-сауалнама:

- «Таза Қазақстан» акциясының басты мақсаты ол қоршаған ортамызды таза ұстау, экологиялық мәдениетті қалыптастыру деп білемін. Бұл  –  экологиямызды жақсарту бағытындағы өте үлкен бастама.

- Кез келген елін сүйетін азамат үшін бұл акция өте жақсы деп білемін. Өйткені адамдар жауапкершілікті сезініп, кішігірім болсын қоқыстарын тастамай деген секілді, аулалар да жиналып қалды.

- 1 жыл бойы акция күнделікті жүргізіліп жатқандықтан, ол адамға міндетті түрде ой қалыптастырады. Әрбір  нәрсенің басы-қасында  адамның өзі тұрғандықтан, тазалық өзінен басталуы қажет.