Солтүстік Қазақстан облысында жыл басынан бері 600 тарихи-мәдени ескерткіш аумағы мен саябақ тазартылып, 13 мың тонна қоқыс шығарылған. 120 мың көшет егу жоспарланып отыр.
Туған жердің тазалығы әр адамға парыз болса, «Таза Қазақстан» акциясы соның алғышартын қалыптастыратын дәстүрге айналды, - дейді өңір халқы.
БЛИЦ-сауалнама:
- Тазалық әр адамның өзінің айнасы деп білемін. Өзін таза ұстаса, айналасын таза ұстаса – біздің қаламыз да, мәдениеттілігіміз де содан көрініп тұрады.
- Қоршаған ортаны қорғау, табиғатты қорғау, ауаны таза ұстау және өзіне, өзінің қоқыстарына және өзінің тұрып жатқан қоршаған ортаға жауапкершілік алу.
- Осындай акциялардың көп болғанын қалаймыз. Себебі қаламыз таза әрі көрнекті болу керек деп ойлаймыз.