Жамбыл облысында жыл басынан бері 60 тарихи-мәдени ескерткіш аумағы мен 143 саябақ тазартылып, 2 мың 800 тонна қоқыс шығарылған. 195 мың ағаш көшеті егілмек.
«Таза қала - таза аула» науқаны аясында тұрғындар өз аулаларын да абаттандыруға кіріскен. Бұл бастама шаһар шырайын келтіріп, экологияны жақсартады, - дейді өңір халқы.
БЛИЦ-сауалнама:
- Мекемелер жинайды деп отырмай, өзіміздің тазалығымызды өзімізден бастауымыз керек. Тазалық өзіміздің ауламыздан басталады.
- «Таза Қазақстан» акциясы мен үшін өте маңызды акциялардың бірі. Өйткені оның мақсаты – қоршаған ортаны табиғатты тазалықта сақтау.
- Апта сайын көріп жатамыз, көптеген көшелерді, парктерді, тарихи орындарда, саябақтарда көптеген талдар отырғызып жатады. Бұны көрген әрбір жас кішкентай бала өзінің көкейіне түйеді деген ойдамын.