Қарағандыдағы ескі кірпіш зауыты маңындағы орманды алқапқа биыл 44 мың қарағай көшеті егілді.
Үш жыл бұрын мұнда алапат өрт болып, 70 гектар жердегі қарағай, қарағаш және үйеңкі ағаштары жанып кеткен еді. Орманшылар алғашқы жылы күлге айналған аумақты тазалап, топырағын тыңайтты. Ал былтырдан бері мұнда ағаш егіліп жатыр. Көшеттер тамыр алып кеткенінше күтім жасалады.
Дулат Жұмабеков, Қарағанды орман шаруашылығының бас орманшысы:
- 2025 жылы Кирзавод маңына 10 гектар жерге 44 мың жас қарағай екпелері егілді. Ал 2024 жылы жас қарағай екпелерінің 22 мыңы егілді. Осылайша орман шаруашылығына өз үлесімізді қосып жатырмыз.