Ақтауда колледжде оқып жатқан жастар шағынаудандар ішін абаттандыруға атсалысты. Жүзден астам студент 15-ші және 27-ші ықшамаудан аумағын тұрмыстық қалдықтардан тазалады. Жиналған қоқыс қала сыртындағы полигонға жүк көлігімен тасымалданды. Сондай-ақ белсенді жастар көше бойындағы аллеяға 50-ге жуық тал көшетін екті. Олар ендігі сенбілікті өңірдің туристік орнында өткізуді жоспарлап та қойған.
Айта кетсек, тазалық шарасы аясында маңғыстаулық студенттер Атыраудан қабылдап алған арнайы челлендж Павлодар облысының жастарына жолданды.
Нұрилла Есенғазы, студент:
- Атыраудан бізді осы акцияға шақырып отыр және де бұл акция күшті өтті деп ойлаймын. Табиғатқа талдың маңызы өте зор. Бізге көлеңке береді және қаланы әсемдеп тұрады. Біздің Ақтау қаласында тал көп болғаны дұрыс деп ойлаймын. Өйткені қаламыз көркейеді.