Биыл еліміздегі 50 ірі кәсіпорын өз өндірісіне парниктік газ шығарындыларын қысқартатын озық техниканы енгізеді. Бұл жаңа Экология кодексіне сәйкес жүзеге асқалы отыр. Енді жыл сайын осындай кәсіпорын саны артып отырады.
Мәселен, 2031 жылы 1,5 мың зауыт жаңа. стандартқа өтуге міндетті Сенатта өткен Үкімет сағатында ауасы лас қалалар тізімі де айтылды. Қазір Алматы, Атырау, Қарағанды, Теміртау, Шымкент, Өскемен және Балқаш қалаларында атмосфералық ахуал күрделі. Өндіріске озық техника енгізбеген кәсіпорын иелері үшін заң аясында салық көтеру тетіктері қарастырылған.
Ерлан Нысанбаев, ҚР Экология және табиғи ресурстар министрі:
- Аталған міндетті дер кезінде жүзеге асырмаған кәсіпорындарға үш жыл сайын екі, төрт және сегіз есе өсетін экологиялық салық мөлшерлемесі қолданылады. Мысалы, бір кәсіпорын 15 млрд салық төлеп келсе, 2025 жылы 30 млрд теңгеге, 28 жылы 60 млрд теңгеге дейін өседі.