Алматыда ескірген дәрі-дәрмектерді қабылдау пунктері ашылды

  • 246
  • 10.06.2025, 18:37

Алматыда ескірген дәрі-дәрмектерді қабылдау пунктері ашылды. Қаладағы 36 емханаға арнайы контейнерлер қойылған.

Экологиялық бастаманың мақсаты – елден сақтау мерзімі өткен препараттарды жинап табиғатқа зиянсыз әдіспен жою. Өйткені дәріні дұрыс пайдаланбаса, адамға зиян, жойылмаса, табиғатқа залал келтіреді. Арнайы жәшікке медициналық қалдықтың бәрін сала беруге болмайды. Мұнда капсула, ампула, таблетка, жақпа майлар мен сироптарды ғана өткізе алады. Қаптамасы ашылған дәрілерді пакетке салып тастау керек. Ал пайдаланылған ине мен медициналық қалдықтар қабылданбайды.

Жоба авторлары былтыр «Таза Қазақстан» республикалық акциясы аясында сынақ ретінде ескірген дәрілерді жинаған. Алматылықтар бірнеше айда 122 келі мерзімі өткен препарат өткізіпті. Енді дәрігерлер әр келген тұрғынға осы бастама туралы ескертіп отырамыз, - дейді. 

Жансая Нұрмолда, қалалық №4 емхнананың дәрігер-эпидемиологы: 

- Осы медициналық қалдықтар бізде 5 санатқа бөлінеді. Осының арасында А санаты, Б санаты, В санатын біз жинап арнайы кабинетке сақтап, содан кейін сол келісімшартқа отырған компания өзіне алып кетеді де қауіпсіз түрде жояды.