Алматыда «Virus» эко-челленджі жүріп жатыр

  • 56
  • 02.07.2025, 18:50

Алматыда «Virus» эко-челленджі жүріп жатыр. Күн өткен сайын жобаны қолдаушылардың қатары көбейіп келеді. Жас блогер Дулат Нәбиев 23 күннен бері қала көшелерін қоқыстан тазартып, тұрғындардың экологиялық мәдениетін қалыптастыруға атсалысып жүр. Қоғамға пайдалы іске жастар да қолдау көрсетіп жатыр. Сайранды қоқыстан тазартқан 40-қа жуық ерікті 5 күннен бері сол аудандағы базар аумағын жинауды қолға алған. 10 маусымда басталған челлендж 90 күнге созылады. Экобелсенділер таңғы алтыдан тоғызға дейін қаланы тазартып, одан кейін жұмысына барады. 

Дулат Нәбиев, экобелсенді:

-Халқымыздың таза өмір сүруі, халқымыздың игілігі үшін. Жапонияға жетпесек те, сондай мәдениетті қалыптастыру ғой. Қаламыздың қоқыстан азаюы, адамдар сондай мәдениетті, ішкі жауапкершілікті алып, адамдардың, жастардың, үлкен кісілердің жұмысын бағалап, өзінің қоршаған ортасын ластамаса деген мақсат қой.