Маңғыстау облысының Баутино жағалауында балық қырылып жатыр

  • 52
  • 07.07.2025, 18:44

Маңғыстау облысының Баутино жағалауында балық қырылып жатыр. Ауыл тұрғыны жағажайда ірілі-ұсақты шабақтар пайда болғанын көріп, ғаламторға жүктеген. Әуесқой түсірілімде ондаған батпақай және торта балығы да көзге анық байқалады. Өңірлік балық шаруашылығы басқармасының қызметкерлері оқиға орнына барып, бақылау жүргізген. Бұдан бөлек, бірлескен жұмыс тобы сол аумақта теңіз суы мен өлі балықтардан сынама алған. Айта кетсек, соңғы жылдары Каспий жағасында балықтың қырылуы бірнеше рет тіркелді.