Алматы облысында туристік инфрақұрылымды жақсартуға бақылау күшейді.
Аймаққа Премьер-министрдің орынбасары Ермек Көшербаев арнайы барды. Ол еліміздегі туристік нысандардың жай-күйін бағалайтын арнайы үкіметтік комиссияға жетекшілік етеді. Тексерулер көрсетілетін қызмет сапасының төмендігіне, қауіпсіздік пен санитарлық жағдайларға байланысты азаматтардың тарапынан түскен шағымдардан кейін басталды.
Комиссия бірқатар жекеменшік және коммуналдық жағажайды аралады. Тексеру барысында санитарлық талаптардың сақталмайтыны, құтқару мен медициналық бекеттердің жоқтығы анықталды. Сондай-ақ көлеңкелі экономиканың белгілері байқалды. Арнайы комиссия жергілікті атқарушы органдарға барлық кемшіліктерді жедел түрде жоюды және туристер үшін қауіпсіз әрі жайлы жағдай жасауды тапсырды.
Ермек Көшербаев, ҚР Премьер-министрінің орынбасары:
- Жалпы жақсы нәтижелермен, жақсы істеліп жатқан жобалармен бірге коммуналды пляжға барғанда қаншама қиындықтарды көрдік. Соған байланысты көріп отырсыздар, бір кісілер келеді, палатка, тапшанды алады. 6,7,12,9 мың теңге, әркім ойына келген бағаны қояды.