Арқалық тұрғындары мен «Жасыл ел» отрядтары қаладағы саябақтарды және үй маңындағы аумақтарды ретке келтірді.
Шаһарды қоқыстан тазалап, аулаларды абаттандыруға екі жүзден астам адам жұмылдырылды. Олар қаланың бірнеше бөлігінде жұмыс істеді. «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы басталғалы қаладан және 12 елді мекеннен 60 мың текше метрден астам қоқыс шығарылды.