Астанада көпқапбатты тұрғын үйлер мен қоғамдық орындарды жөндеу және қайта жаңғырту жұмыстары жүргізіліп жатыр. Тек саябақтар мен аллеяларға қатысты 30-ға жуық жоба іске аспақ. Оның аясында жасыл желек қорын молайту көзделіп отыр.
Атап айтқанда, 1 миллионнан астам түп түрлі ағаш егіледі. Біразын шетелден жеткізу жоспарланған. Барлық қоғамдық орындағы жасыл желек цифрлы жүйеге енгізіліп, бақылауға алынады. Ал ботаникалық бақта көгалдандыру жұмыстары жүргізілмек
Тұрсын Жиенбаева, «Астана Бас жоспары» ҒЗЖИ» ЖШС урбанист-сәулетшісі:
- Есіл жағалауын биылғы жылы абаттандырып жатырмыз. «Ататүрік» саябағынан «Триатлон» саябағына дейін абаттандыру жұмыстары жүретін болады. Ол жерде де 700-ге жуық ағаш қарастырылған. Қала питомниктерінен алынатын жасыл желектер, ағаштар бар және де Европадан әкелінетін ағаш түрлері қарастырылған және де қазір ЛРТ бойын абаттандырып жатырмыз.