«Таза Қазақстан» акциясы аясында 1,4 млн тонна қалдық жиналды

  • 56
  • 17.07.2025, 18:39

«Таза Қазақстан» ациясы басталғалы 2,4 млн ағаш отырғызылды. Мұны Экология және табиғи ресурстар вице-министрі Мансур Ошурбаев мәлімдеді. Шараның тағы бір артықшылығы – елді мекендер мен су айдындарының маңайы тазарды. Еңбек ұжымдары, тұрғындар мен белсенділер 1,4 млн тонна қалдық жинады. Тек биылдың өзінде ел бойынша 900-ге жуық іс-шара өтті. Олардың қатарында «Таза кәсіп – таза аймақ», «Киелі мекен», «Таза өлке», «Мөлдір бұлақ» сияқты науқандар бар. 

Мамандардың айтуынша, қалдықты кәдеге жарату мәселесі де пысықталып жатыр.

Мансур Ошурбаев, ҚР Экология және табиғи ресурстар вице-министрі:

- Қалдықтарды сұрыптау және қайта өңдеу үшін жұмыстар жалғасуда. Қазіргі таңда 63 жоба мақұлданды. Бұл жыл сайынғы өңдеу қуатын 1,1 млн тоннаға арттыруға мүмкіндік береді. Оның ішінде 14 жоба 52 млрд теңге қаражат алды.