Петропавлда «Таза Қазақстан» акциясы аясында экопикник өтті

  • 156
  • 18.07.2025, 18:43

Петропавлда «Таза Қазақстан» акциясы аясында «Таза табиғат – таза болашақ» атты экопикник өтті. Қаланың белсенді жастары орталық саябаққа жиналып, ашық аспан астында тимбилдинг ұйымдастырды. Олар өзара командаларға бөлініп, экология тақырыбында сұрақ-жауап ойындарына қатысты. Бұл жолғы шараға 50 адам жиналып, өскелең ұрпақ арасында тазалық мәдениетін қалыптастыру дағдыларын талқылады.

Жалпы жыл басынан бері облыс бойынша «Таза Қазақстан» акциясы шеңберінде 600-ге жуық іс-шара өтті. Жастар апта сайын сенбіліктерге шығып, қоғамдық орындарды абаттандырады. 

Дариға Смаилова, «Ассамблея жастары» РҚБ жергілікті өкілдігінің жетекшісі:

- «Таза Қазақстан» компаниясының маңыздылығы өте зор. Әсіресе жастар үшін. Өйткені біз таза Қазақстанда, таза жерде өмір сүргіміз келеді. Айналамыз неғұрлым таза болса, біздің денсаулығымыз да соғұрлым мықты болады.