Қазақстанда 1 млн-нан астам бала экологиялық қауіпті аймақта өмір сүреді

  • 115
  • 24.07.2025, 19:00

Қазақстанда 1 миллионнан астам бала экологиялық қауіпті аймақта өмір сүреді. Бұл олардың денсаулығы мен өміріне тікелей қауіп төндіреді. ЮНИСЕФ пен экология министрлігі ұйымдастырған жиында осы мәселе талқыланды. Жаһандық климаттың өзгеруі, ауаның ластануы мен су тапшылығы күн сайын күрделеніп бара жатыр. Халықаралық ұйымдардан келген сарапшылар мен мемлекеттік орган өкілдері, климаттық саясатқа балалардың құқықтары мен мүдделерін жүйелі енгізу қажеттігін атап өтті. Семинар қорытындысы бойынша нақты ұсыныстар әзірленді. 

Рашид Мұстафа, ЮНИСЕФ-тің Қазақстандағы өкілі: 

-Климаттық өзгерістерге қарсы тұру үшін көк желек санын көбейткен абзал. Биыл Экология министрлігімен ЮНИСЕФ ұйымы бірігіп, Қазақстанда 500 мың ағаш отырғызды. Келесі жылдары бұл көрсеткішті 3 млнға жеткізсек дейміз. Мұнымен шектелмей, жазғы демалыста балаларға климаттық өзгерістер туралы курс ұйымдастырғымыз келеді. Қазір бұл туралы оқу-ағарту министрлігімен келісіп жатырмыз.